«Болашақ» қауымдастығына жаңа басшы сайланды
Алмас Құдайбергенов бұл қауымдастықты 3 жыл басқарады
Күні кеше онлайн өткен «Болашақ» Қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналасында Кеңестің жаңа құрамы мен төраға сайланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Айқынға» сілтеме жасап.
Кеңестің дауыс беру нәтижесі бойынша Алмас Шайықбекұлы Құдайбергенов төраға болып сайланды.
«Қауымдастық Кеңесіне Гүлзада Шакуликова, Мұхтар Манкеев, Бауыржан Рақышев, Аслан Назарәлиев, Мұрат Ақынов, Томирис Мұсаева, Айдар Арифханов және Қанат Әуесбай кірді. Кеңестің жаңа мүшелерін сайлануымен құттықтай отырып, жұмыстарының табысты болуын тілейміз!» — делінген «Болашақ» Қауымдастығының баспасөз хабарламасында.
Қауымдастықтағы төрағалық қоғамдық қызмет болып табылады және Жарғыға сәйкес «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы 3 жыл мерзімге сайланады.