Антикордың Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды
Мұрат Ахметов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1 департаментінің басшысы болды
Мұрат Ахметов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.
Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.
1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасында департамент бастығы.
2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдар атқарды.
2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды.
Соңғы тағайындауға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.