$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2021, 14:42
Жаңалықтар

Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

Жыл соңына қарай учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер жаңа формаға ауысады

Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде полицейлер енді аяғына кроссовка киеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.                        

«Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан сәтті өтіп, өте ыңғайлы екенін көрсетті. Көшеде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңа формада түнгі уақытта алыстан көріну үшін көзге шағылысатын элементтер де қарастырылғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда еліміздің барлық полицейлері жаңа форма киеді. 

Серіктес жаңалықтары