Есірткіні насихаттау: Юрий Дудьтің үстінен іс қозғалды
Тергеу жүргізіліп, іс сотқа жеткен
Танымал Ресейлік журналист Юрий Дудьтің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Журналистің үстінен шағымды «Қауіпсіз интернет лигасы» директоры Екатерина Мизулина (сенатор Елена Мизулинаның қызы) түсірген.
«Қауіпсіз интернет лигасы» ұйымы Юрий Дудьтің блогер ИванГай мен рэпер Моргенштерннен алған сұхбатында есірткіні насихаттау болғанын айтып, полицияға өтініш берген.
«Осы істі тергеген Есірткі айналымын бақылау жөніндегі басқарманың принципшіл, адал ұстанымын атап өткісі келеді. Полиция қызметкерлеріне қатты қысым жасалды, бірақ соған қарамастан объективті тергеу жүргізілді және іс сотқа жетті», - делінген Екатерина Мизулинаның жазбасында.
Еске сала кетейік, танымал журналист бұған дейін Скриптонит, Jah Khalib, Нұрлан Сабуров, Евгений Чебатков, ИК тобының мүшелері сияқты қазақстандықтардан сұхбат алған.