ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

23 жасқа дейінгі спортшылар қатысатын жарыс 11 маусымға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған ел біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде әйелдер 48 және 52, ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Әйелдер: 48 кг

1. И.Дубовская (Алматы облысы)

2. Ж.Асқарова (Қызылорда облысы)

3. Х. Амиргалиева (Атырау облысы)

3. С.Құлым (Түркістан облысы).

52 кг

1. Диана Аипова (Алматы қаласы)

2. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

3. Анель Мұхан (Қызылорда облысы)

3. Әсемгүл Балтабай (Шымкент қаласы)

Ерлер: 60 кг

1. Ернұр Сүлеймен (Жамбыл облысы)

2. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

3. Абдусамат Бақыт (Атырау облысы)

3. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы)

66 кг 

1. Ермек Амангелді (Атырау облысы)

2. Кемелбек Молдаш (Түркістан облысы)

3. Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл облысы)

3. Рауан Бегалы (Қызылорда облысы)

Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты 11 маусымға дейін жалғасады.