ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Елорданың сауда орталықтарында вакцина қабылдағандарға түрлі жеңілдік беріледі

Сондай-ақ вакцина алған адамдар ұтыс ойындарына қатыса алады

Елордада вакцинация қабылдағандар үшін кейбір сауда орталықтарында жеңілдік бағдарламалары мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада вакцинация қарқыны артып келеді. Енді коронавирусқа қарсы вакцина алған адам түрлі сыйлықтар ала алады. Сондай-ақ ұтыс ойындарына қатыса алады.

«Мысалы, «Mega Silk Way» СОО-да вакцинациядан кейін мұз айдынына сертификаттар, мейрамханаларға жеңілдіктер беріледі. Ал «Сарыарқа» СОО-да Actual Optic-ке 5 мың теңгенің жеңілдік купоны беріледі. Сондай-ақ, тілек білдіргендер арнайы бланкілер толтырып, кино паркіне жеңілдік ала алады. «Азия Парк» СОО-да кәсіпкерлердің сыйлықтары (тұрмыстық техника, электроника, СОО жалға алушыларының сыйлықтары) және т.б. ойнатылады», - делінген хабарламада.

Бұл шаралар халықты ұжымдық иммунитетті дамытып, вакцинациямен көбірек қамту үшін қабылданды. Қабылданған шаралар карантиндік шектеулерге байланысты ең көп зардап шеккен нысандардың жұмысын қалпына келтіруіне мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО-лары және «Әлем», «Еуразия» сауда үйлері бар. Вакцинация пунктері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.