ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

Алда Астана күні және Құрбан айт мерекесі келе жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Биыл астана күні сейсенбіге түсетіндіктен, билік жұмыс күнін 5 шілдеден 3 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері 4, 5 және 6 шілдеге келеді. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтін тұрғындар 4 және 6 шілдеде демалады.

Күнтізбе бойынша Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге тұспа-тұс келеді. Бұл күн де демалыс ретінде есептеледі.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда астана күні атап өтіледі. 1998 жылы дәл осы күні ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақмола Астана деп атала бастады. 2019 жылы 23 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Бұрын Астана күні 10 маусымда қалалық деңгейде атап өтілетін. 2006 жылы мереке 6 шілдеге ауыстырылды, өйткені дәл осы күні, 1994 жылы астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді. Қажылықты аяқтауды білдіретін Ислам мерекесі Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң тойланады.