ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Ақтөбеде 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Өңірде “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақтөбе облысы аумағында осы жылдың 7-16 маусым аралығында республикалық “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Оның мақсаты – заңсыз көші-қон каналының жолын кесу, облыс аумағында шетел азаматтарының заңсыз жұмыс жасаудың іс-әрекетін жою, Қазақстан Республикасының азаматтарының заңсыз шетел жұмыс күшін тартуға жол бермеу, мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту фактілерін анықтау және бірнеше рет шетел жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау. 

Іс-шараның алғашқы күнінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 61 адам, оның ішінде 39 шетел азаматы, сонымен қатар шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзуға жол берген 22 ҚР азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

12 шетел азаматы соттың қаулысымен әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды, оның ішінде бір ҚХР азаматы бар.