$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2019, 02:43
Жаңалықтар

Британиядағы сайлауда Борис Джонсонның партиясы жеңіске жетті

Борис Джонсон көп ұзамай елді Еуроодақтан шығаруға уәде берді

Британиядағы сайлауда Борис Джонсонның партиясы жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр Борис Джонсон басқаратын консервативті партия Лордтар палатасында мерзімінен бұрын өткен сайлауда жеңіске жетті. Джонсон көп ұзамай елді Еуроодақтан шығаруға уәде берді, деп хабаралайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі bbc.com-ға сілтеме жасап.

Консервативтік партия Лордтар палатасындағы 650 орынның 351-не ие болды. Кейбір бөлімшелерде дауыстарды есептеу әлі аяқталған жоқ. Джереми Корбин басқарып отырған консерваторлардың басты қарсыластары, яғни лейбористер әзірге 203 мандатқа қол жеткізді. Шотландық Ұлттық партия – 48 мандат, Либералды-демократиялық партия – 11 мандат, солтүстік ирландиялық Демократиялық юнионистік партия – 8, Уэльс Партиясы – 4, жасылдар 1 мандатты иеленді. 

Консерваторлар Борис Джонсон үкіметі мен Брюссель арасында болған Британияның Еуроодақтан шығу туралы келісімін ратификациялауға ниетті, және 2020 жылдың 31 қаңтарында Британия формальды түрде Еуроодақтан шығады.

Серіктес жаңалықтары