03.06.2021, 12:47
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жексенбі күні автобустар жүрмейді
Бұл күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
Фото: ашық дереккөзден
Жексенбі күні, яғни 6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Айта кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 09:11
Телефон ұстау, қарсы жолаққа шығу: дрондар жүргізушілердің 20 мыңнан аса жол ережесін бұзғанын анықтады (ВИДЕО)