$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2021, 10:44
Жаңалықтар

Алматы мен Самарқанд арасында халықаралық рейстер ашылады

Рейстерді «Эйр Астана» және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды

Алматы мен Самарқанд арасында халықаралық рейстер ашылады
Фото: ашық дереккөзден

8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейстерді «Эйр Астана» (3,7 күндері) және Uzbekistan Airways (2,6 күндері) әуе компаниялары аптасына 4 рет А-320/321 әуе кемелерімен орындайды.

Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сонымен қатар биыл наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау – Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылды. Ол рейстерді SCAT және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды.

Жалпы қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Ташкент және Ақтау – Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.

Серіктес жаңалықтары