$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2021, 17:32
Жаңалықтар

Қазақстанға құрамында жұқпалы бактерия бар картоп кіргізілмек болды - АШМ

CLS бактериясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді

Қазақстанға құрамында жұқпалы бактерия бар картоп кіргізілмек болды - АШМ
көрнекі фото

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары биыл сәуір айынан мамыр айына дейін Қазақстанға Германия, Нидерланды және Франция елдерінен жеткізілуі тиіс 228 тонна тұқымдық картопты, 46,4 келі сәбіз тұқымын тексергенде, картоп тұқымынан (зебра чипі) зиянды қоздырғыш бактериясын анықтады.

Candidatus Liberibacter Solanacearum бактериясы ISO 17025 халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген «Өсімдіктер карантині республикалық орталығы» ММ Алматы аймақтық карантиндік зертханасының сараптама қорытындысы арқылы расталған.

«Candidatus Liberibacter Solanacearum Қазақстан аумағына жоғары фитосанитарлық қауіп төндіреді. Зебра чипі картопқа, қызанаққа, сәбіз бен балдыркөкке және басқа да дақылдарға кері әсер етеді. Бактериялар республика аумағына таралатын болса, өнімді түгелдей жойып жіберуі мүмкін және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жұқпалы бактериясы бар тұқым фактілері бойынша тиісті карантиндік құжаттар ресімделді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес материалдар соттың қарауына жіберілді. Сот шешімі бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Серіктес жаңалықтары