28.05.2021, 16:46
Жаңалықтар
Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу осы жазда басталады.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеудің осы жазда басталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өткен аптада Мемлекет басшысы «Президенттік Жастар кадрлық резервінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Агенттік осы жазда Резервке екінші іріктеуді бастайды», - деп жазды Анар Жайылғанова.
Резервке 35 жастан аспаған, 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар қатыса алады.
Резервтің мақсаты - мемлекеттік қызмет саласында трансформациялық көшбасшыларды дайындау болып табылады.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)