28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған өңірлерде жаңбыр жауады

Синоптиктер жұма күнгі, яғни 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық Қазақстан территориясы кең антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың қалған территорияларында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін, кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл соғып, желдің 15-20 м/с болуы мүмкін.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, күндіз Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.
Күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.