$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 14:53
Жаңалықтар

Ресейде үй жануарларына вакцина салына бастады

Жергілікті ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы препарат «Карнивак-Ков» деп аталады

Ресейде үй жануарларына вакцина салына бастады
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің бірнеше аймағында үй жануарларына коронавирусқа қарсы екпе салына бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Вакциналау науқаны мал дәрігерлік емханаларда жүріп жатыр. Бұл туралы осы елдің Малдәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет өкілдері мәлімдеді. Ресей наурызда иттер, мысықтар, түлкілер мен қаракүзендерге сынақ жасап, жануарларға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Жергілікті ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы бұл препарат «Карнивак-Ков» деп аталады. 2 дозасы шамамен 7 долларға сатылады. Екпе салынғаннан кейін жануарлардың бойындағы иммунитет жарты жылға дейін сақталады екен. 

"Қазір біз бұл вакцинаны Еуроодақта тіркету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл іске Польша, Германия мен Венгрия өте мүдделі болып отыр. Сондай-ақ Таиланд, Жапония, Малайзиямен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ертең біздің вакцинаны Перуде тіркеу және жеткізу мүмкіндігін талқыламақпыз", - деді «Россельхознадзор» басшысының кеңесшісі Юлия Мелано. 

Серіктес жаңалықтары