Екінші деңгейлі банктерге қатысты 9 айыппұл салынды - ҚНРДА
Бірқатар микроқаржылық ұйым мен ломбардқа шаралар қолданылды
Қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттер мүмкіндігі тұрғысынан былтыр сәуірден бастап жүргізілген мониторинг нәтижесі жарияланды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, 12 ай ішінде екінші деңгейлі банктерге қатысты 9 айыппұл, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне 2 айыппұл, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға 240 жазбаша ұйғарым және 233 айыппұл қолданылды.
Биыл сәуірде «Ломбард Сатуар» ЖШС-ға қатысты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарды тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым жасалды.
«ҚазАқша», «Квику» және «ОнлайнКазФинанс» микроқаржы ұйымдарына барлығы 583 400 теңге айыппұл салынды. Дәйексіз көрсетілгені, сондай-ақ сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып кеткені үшін санкциялар қолданылды.
Биыл сәуірде екінші деңгейлі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылық анықталған жоқ.
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыстық орталықтарында жүргізілді.