ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Денсаулық сақтау министрі жазда жағдай ушығуы мүмкін екенін айтты

Министрдің айтуынша, жаздың үш айында ел тұрғындарының шамамен 80 пайызы вакцина салдыруы керек

Фото: ашық дереккөзден

Маусым-қыркүйек арасында COVID-19 жұқтырушылар саны 95 мыңға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаз айларында жағдайдың қаншалықты ушығуы мүмкін екенін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, вакцинаны халықтың 60 пайызы ғана салдырса, жағдай осыған әкеледі.

Ал нақты көрсеткіштерге қарасақ, жаздың үш айында ел тұрғындарының шамамен 80 пайызы вакцина салдыруы керек. Бұл жағдайда вирус жұқтырушылар саны болжамды түрде 70 мыңға таяп қалады. Егер халықтың вакцина салдыру көрсеткіші тіпті артып 95 пайызы салдырып үлгерсе, жазғы үш айда 61 мың адам ғана жұқтыруы мүмкін дейді министр. Бірақ мұның бәрі халықтың белсенділігіне байланысты.

«Елімізде 3 миллиондай доза вакцина салынған. Оның 2 миллионнан астамы бірінші бөлігі болса, бір миллионға жуығы – екінші бөлігін салдырғандар. Осы күндері бүкіл екпе салу орындарында вакцинаның бірінші бөлігінен 320 мың, екінші бөлігінен 650 мың доза дайын тұр. Бұл жеткілікті», - дейді министр.