Air Astana Минскі бағытындағы рейстердің не үшін тоқтатылғанын түсіндірді
Қазақстандық авиакомпания Минск бағытындағы рейстерді ашылмай жатып тоқтатты
Air Astana авиакомпаниясы Алматы - Минск бағытындағы әуе рейстерін тоқтату туралы шешімді 20 мамырда қабылдаған. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«31 мамырда ашылуы жоспарланған Алматы - Минск бағыты бойынша әуе қатынасы тоқтатылды. Рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды, бұл коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді», - делінген хабарламада.
Алайда, Air Astana Минскі бағытындағы әуе рейстерінің тоқтап қалғаны 24 мамырда белгілі болды.
Еске салайық, 23 мамырда күндіз Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан Ryanair авиакомпаниясынна тиесілі ұшақ шұғыл түрде Минскі әуежайына қондырылды. Ұшақ бортында Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Минскі әуежайындағылар ұшақтың мәжбүрлі түрде қонуын «Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды» деп түсіндірді.