ШұғылҚазақстанда пандемия басталғалы коронавируспен ауырғандар саны 865 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтанда ұлттық ат спортынан республикалық жарыс өтті

Ат жарысқа 70-ке жуық шабандоз қатысты 

Нұр-Сұлтан қаласында ат спортынан республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен келісім бойынша «Атбегілер мен шабандоздар ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі бекіткен ат жарысы кестесіне сәйкес өткізілді.

«Ұлттық ат спорты шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Осындай ұлттық спорт түрлері дами берсін. Біз Мәдениет және спорт министрлігі әрдайым спорт жарыстарын қолдаймыз. Ат жарысқа жер-жерден 70-ке жуық шабандоз қатысуда. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін!» — деді Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Аталған іс-шарада ветеринарлық регламент стандартының талаптарын сақтай отырып, спорттық жарыстарға қатысушыларды тестілеу үшін допинг-бақылау жүргізілді. Жылқылардан допинг-бақылау тест алу үшін арнайы комиссия құрылған.

«Атбегілер мен шабандоздар» ұйымы 2018 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден өткен арнаулы ұйым. Оның негізгі мақсаты — тек даладағы бәйгелерді емес, барлық елді мекенде, оның ішінде қалалардағы ипподром жарыстарын өткізу.

Айта кетейік, республикалық жарыс санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.