12.12.2019, 23:57
Жаңалықтар
Алматы әуежайында жаңа терминал ашылады
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты
Фото: ашық дереккөзден
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысы барысында Алматы халықаралық әуежайының даму болашағын тілге тиек етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бұрынғы терминал ішкі рейстерді қабылдау үшін қолданылады. Бұл нысанның қасынан жаңа терминал салынады. Ол халықаралық рейстерді қабылдау үшін пайдаланылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кету керек, Алматыда Almaty Invest Forum аясында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев халықаралық «TAV Airports Holding» және «VPE Capital» компанияларымен келісімге қол қойған болатын. Келісімшарт бойынша 270 млрд теңге Алматы әуежайын дамытуға бағытталатын болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды