$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2019, 22:44
Жаңалықтар

«Жусан» операциясы жалғаса ма - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауабы

Осы уақытқа дейін «Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық қайтарылды, оның ішінде 406 бала бар

«Жусан» операциясы жалғаса ма - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жауабы
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталығы террористік топтарға қосылған қазақстандықтарды елге қайтару шараларының аяқталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Штаб бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, осы уақытқа дейін «Жусан» операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Олардың ішінде 406 бала бар.

«Репатриация процесі аяқталған жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес», - деді Швейкин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда журналистер: «Бұл соңғы мәлімет болмаса, «Жусан» операциясы жалғасады деген сөз бе? Бәлкім, «Жусан-3» бола ма?», - деп нақтылауды өтінді.

«Жусан-3» болмайды, себебі бұған дейін «Жусанның» төрт кезеңі атқарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару шаралары жалғасуда. Осы санаттағы адамдардың саны артады деп күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Швейкин.

Серіктес жаңалықтары