«Ashyq» жобасы бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында қолданысқа енгізілген болатын
«Ashyq» жобасы еліміздің тағы төрт әуежайында, атап айтқанда, Шымкент, Түркістан, Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайларына енгізілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» жаңа қаулысына қол қойды.
Енді «Ashyq» жобасын Қазақстанның 6 қаласы қолданатын болады.
- 2021 жылғы 31 мамырдан бастап Шымкент және Түркістан қалаларының;
- 2021 жылғы 7 маусымнан бастап Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайларына енгізіледі.
Бүгінгі таңда «Ashyq» жобасы Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында қолданысқа енгізілген.