$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 16:28
Жаңалықтар

Бұрын жемқорлық жасаған адамды жұмысқа қабылдаған үш шенеунік жауапқа тартылды

Оларға 50-ден 100 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салынды

Бұрын жемқорлық жасаған адамды жұмысқа қабылдаған үш шенеунік жауапқа тартылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

5 сәуірден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке соттар қарайтын 15 бабы бойынша хаттамалар жасау арқылы әкімшілік істерді қозғау құқығы берілді.

17 мамырдағы жағдай бойынша 42 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде 34 хаттама жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық бойынша.

Мәселен, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері бойынша БҚО Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Есендияров, Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Ғабдуллин, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Якен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың барлығына 50-ден 100 АЕК-ке дейін әкімшілік жаза тағайындалды.

Жеке тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беру бойынша:

  • Павлодар облысында тірек–қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас бухгалтері Абельдиновадан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жоғары тұрған басшысы Алтыбаеваға 10 мың теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы және жалпы құны 3 600 теңге болатын кәмпит қорабы мен шарап бөтелкесі түріндегі сыйлық бергені үшін 100 АЕК мөлшерінде (291,7 мың теңге);
  • «Атырау облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының» басшысы Бисенғалиевтан комитет төрағасының міндетін атқарушы Нұртазинаға құны 10 мың теңге болатын балық өнімдері түріндегі заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 100 АЕК (291,7 мың теңге) көлемінде айыппұл өндіріп алынды.

Осыған ұқсас фактілер Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болған.

Серіктес жаңалықтары