20.05.2021, 15:12
Жаңалықтар
«Еш жерім ауырған жоқ»: 91 жастағы Бибігүл Төлегенова вакцинациядан кейінгі жағдайын айтты
Коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр
Атақты опера әншісі Бибігүл Төлегенова 14 мамырда коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін алды.
«Бізде қазір жағдай өте қиын, сондықтан баршамыз жұмыла вакцина алуымыз керек. Мен 14 мамырда ІІ компонентін алдым. Құдайға шүкір, еш жерім ауырған жоқ. Ауруды сезген де жоқпын», – деді КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.
Айта кетейік, өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 433 жағдайы анықталды, бұл көрсеткіш бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр.
20 мамырдағы жағдай бойынша 35 846 адам CVI-мен емдеуді жалғастыруда, оның 13 265 пациенті стационарларда, 22 581 адам амбулаториялық деңгейде.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)
15.05.2026, 13:10
Тоқаев Өзбек президентінің Түркістанға салып берген мешітіне барып, Құран бағыштады (ВИДЕО)
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды