20.05.2021, 11:54
Жаңалықтар
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Арман Әбеновті ұжымға таныстыру сәті
Бүгін Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Арман Тарғынұлы Әбенов басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Арман Тарғынұлы бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
А. Т. Әбенов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаевты таныстырды. Эльдар Қонысбайұлы бұған дейін Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
