ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Нұрбек Дайырбеков ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Ол бұл қызметке 2019 жылғы қараша айында тағайындалған болатын 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2019 жылғы сәуірден қарашаға дейін — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.