$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2021, 04:58
Жаңалықтар

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ара райы болады

19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сейсенбі, яғни 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады, солтүстік жартысында, орталықта және шығыста кей жерлерде  қатты жаңбыр, дауыл болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ара райы болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте  кей жерлерде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Аьап айтқанда, Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды, облыстарында  кей жерлерде дауыл соғады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді,  бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді,  бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай, Жамбыл,  күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 16 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болады.

Серіктес жаңалықтары