$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2021, 00:14
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім саны туу көрсеткішінен жоғары болып отыр

Биылғы бірінші тоқсанда өңірде 1587 сәби дүниеге келген

Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім саны туу көрсеткішінен жоғары болып отыр
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, СҚО-да 542,5 мың адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы бірінші тоқсанда өңірде 1587 сәби: 846 ұл және 741 қыз дүниеге келген. Айта кетерлігі, жаңа туған нәрестелердің 40%-дан астамы Петропавлда тіркелген.

Облыс аудандарының арасында бала туу бойынша Шал ақын ауданы көш бастап тұр, ал Тимирязев ауданында демография көрсеткіші төмен.

«Статистикаға сәйкес, өңірде өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары: есепті кезеңде 1958 солтүстікқазақстандық қайтыс болды, яғни 371 адамға көп», - делінген хабарламада

Көз жұмғандардың 20% -ы – тыныс алу органдары ауруларынан, 14%-дан  астамы – қан айналымы жүйесінің ауруларынан, 7,5%-ы ас қорыту органдарының ауруларынан қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан халқының азаюы көші-қонмен де  байланысты болып отыр. Өңірге биыл 1186 адам көшіп келсе, 2076 азамат облыстан қоныс аударды.

Серіктес жаңалықтары