18.05.2021, 12:11
Жаңалықтар
Комитет төрағасы, аудан әкімдері: Агенттік шенеуніктерден 3,4 млн теңге айыппұл өндіріп алды
174 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінінің аумақтық департаменттері рұқсат беру тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқан шенеуніктерге қатысты 102 хаттама толтырды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың қорытындысы бойынша 102 әкімшілік хаттама бойынша әкімшілік жауапкершілікке 174 лауазымды адам тартылды. Оның ішінде 12-сі орталық мемлекеттік органдардың, 42-сі жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.
Жалпы, биыл мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 3,4 млн теңге өндірілді:
- Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы мен төраға орынбасары;
- Әділет министрлігінің департамент директоры;
- 8 орталық мемлекеттік органдар ведомстволары бөлімшелерінің басшылары (Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік, Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеттері);
- Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің 3 облыстық басқармасы (Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу) басшылары;
- Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері;
- 4 ауылдық округтің әкімі;
- 23 жер қатынастары бөлімінің басшылары, 5 сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары;
- 2 аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды