ШұғылҚазақстанда пандемия басталғалы коронавируспен ауырғандар саны 865 мыңға жуықтады

Қазақстандық маман Токио олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізіміне енді

Асқар Молдағали резервте бірінші болып тұр

фото: olympic.kz

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Төртжылдық додасына төрелік ететіндердің негізгі тізіміне 17 маман енген. Ал қазақстандық Асқар Молдағали резервте бірінші болып тұр.

Халықаралық федерация қазақстандық қазының кандидатурасын резервке енгізді. Олимпиада кезінде WKF реферилерінің бірі қатыса алмай қалған жағдайда, Асқар Молдағали төрелік ету құқығына ие болмақ.

Токио Олимпиадасында каратэден тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Каратэшілер додасы 5, 6 және 7 тамызға жоспарланған. Қазақстан командасының еншісінде әзірге бір жолдама бар. Дархан Асаділов әлемдік рейтингте көш бастап, жолдаманы мерзімінен бұрын ұтып алды.  Ал соңғы лицензиялық турнир 11-13 маусым аралығында Париж қаласында өтеді.

Қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғайды. Әзірге ҚР спортшылары Олимпиадаға 53 жолдама жеңіп алды.