Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері қоғамдық көлікте маска тақпаған 5000-нан астам адам анықталды
Қалада бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады. Бүгінге дейін бұл тәртіпті орындаудан бас тартқандарға тиісті жаза қолданылғандары да бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді.
Өкінішке қарай, бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар.
Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1665 адам автобустан түсірілді.
«Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — делінген департамент хабарламасында.