Елордада заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылуда

Ғимарат иесі бірнеше соттың шешімімен хабардар болды, бірақ сот шешімін орындамаған

Елордада заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылуда
Фото: inform.kz

Елордада заңсыз тұрғызылған ғимараттарды сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Заңсыз салынған ғимараттарды сүру жұмысы Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3-ғимараттан басталды. Ғимарат иесі бірнеше соттың шешімімен хабардар болды, бірақ сот шешімін орындамады. Қазіргі уақытта ғимаратты сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс алдағы 1 ай бойы жалғасады. Бұл дегеніміз Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз салынған ғиматтар қиратылады деген сөз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев.

Басқармасының сөзіне сенсек, бұған дейін аталған ғимарат иесіне құрылысты қайта жоспарлау керектігі ескертілген.

«2017 жылдың 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданды. Алайда, ғимарат иесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей, қолданыстағы тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастады. Бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылды», - дейді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.