$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2021, 13:18
Жаңалықтар

КВИ таралуы бойынша екі өңір «қызыл» аймаққа енді – ДСМ

Өткен тәулікте республика бойынша 2459 адамнан коронавирус анықталды

 

КВИ таралуы бойынша екі өңір «қызыл» аймаққа енді – ДСМ
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 16 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары тұр;  

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр;  

«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2459 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 358 104 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 17 адам көз жұмды.   

 

Серіктес жаңалықтары