КВИ таралуы бойынша тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
Өткен тәулікте республика бойынша 2505 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 15 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2505 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 355 645 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 23 адам көз жұмды.