$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 20:23
Жаңалықтар

Тоқаев KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасына тапсырма берді

Ақтоғай кен байыту комбинатын Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосу тапсырылды

Тоқаев KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасына тапсырма берді

Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтоғай кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы ақпарат берілді. Заманауи және цифрлық технологиялар қолданылатын нысан пайдалануға берілгеннен кейін,  ол әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындардың қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Жобаға 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Мұнда қосымша 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Президент комбинаттың құрылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды. Олег Новачук компания қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасын барынша қысқа мерзімде орындап, жоспарға сәйкес өнім өндіре бастайтынын айтты», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысшыларға жасалып жатқан жағдай жайында, атап айтқанда, оларды баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру туралы баяндалды.

Серіктес жаңалықтары