ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Jas Otan белсенділері Жеңіс күніне орай елордада 80 мыңнан астам лента мен төсбелгі таратты

Ленталарда қазақтың ою-өрнегі бейнеленген 

Жеңіс күні қарсаңында елордада көптеген патриоттық акциялар өтуде. Акциялар барысында ардагерлер құрметтеліп, соғыстың ауыр жылдарын еске алып, көптен күткен жеңіс туралы айтылады.

Елорданың «Jas Otan» ЖҚ белсенділері де 9 мамыр күніне орай қала тұрғындарымен қонақтарына ленталар мен төсбелгілерді таратты.

«Jas Otan белсенділері жыл сайын осы мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік ленталар мен белгілерді таратуды ұйымдастыруды ұйғардық. Олар ерекше ленталар, өздеріңіз көріп отырғандай, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген, ал ленталардың өзі мемлекеттік тумен түстес. Ленталарды тарату жастардың бойында отансүйгіштік сезімін, өткенді еске алу мен құрметтеу үшін Жеңістің құндылығын тәрбиелеуге бағытталған», - деді Jas Otan төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына 80 мыңнан астам мерекелік ленталар таратылды. Акцияға бәрі белсене атсалысып, азаматтар ленталарды қуана қабылдап, оларды киіміне мақтанышпен тақты.

«Өте жақсы акция және ол осындай ұлы мерекені тағы да еске салады. Біздің ересек ұрпақ, әрине, есінде сақтайды, бірақ жастарға әрдайым еске салу керек. Мен елорданың барлық тұрғынын Жеңіс күнімен құттықтап, барлығына амандық, бақыт, денсаулық тілеймін», - деді қала тұрғыны Любовь Андреевна.