Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Серік Құсайынов VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған
Серік Құсайынов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол жақында Мәдениет вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың орнына тағайындалды.
Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.
Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып сайланған.
Ал, Алмалы ауданының әкімі болып Ержан Сейтенов тағайындалды.
Ержан Іргебайұлы Сейтенов 1974 жылы туған. Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Осы жылдары ол квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы лауазвиларвнда болды. Алматы қаласының Жерді пайдалану мен қорғау, Жасыл экономика басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.
Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болды.