ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Алматыға ПТР-анықтамасыз келген өзбекстандық азамат депортацияланды

Өткен тәулікте Қазақстанға 4013 авиажолаушы келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 9 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы келді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.