КВИ таралуы бойынша Шымкент «қызыл» аймақтан шықты
Ал Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа өтті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 9 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы «сары», ал Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2350 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 342 589 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирустан бір тәулікте тағы 26 адам көз жұмды.