Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 26 қазақстандық көз жұмды
Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған 798 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 9 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 24 адам қайтыс болды.
9 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 878 адам коронавирус инфекциясынан (41 408 КВИ+ және 470 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 798 адамның жағдайы ауыр,
• 190 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 7 мамырдағы мәлімет бойынша 22 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 57 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 53 541;
өлім жағдайлары – 831;
барлығы 52 240 адам сауығып шықты.