$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2021, 13:50
Жаңалықтар

Қазпошта онлайн сауда нарығын дамытуда

Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет Қазақстанмен еш кедергісіз хат-хабар алмасады

Қазпошта онлайн сауда нарығын дамытуда
Фото: ашық дереккөзден

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет Қазақстанмен еш кедергісіз хат-хабар алмасады. Сонымен қатар, Қазпошта электронды сауданы дамытатын отандық кәсіпкерлерге де белсенді қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Астаналық Данияр Ақназаров музыкаға бала кезінен әуес. Уақыт өте келе бұл іс оның хоббиіне айналды. Қазір ол винил табақшаларын жинауға көшті. Талғампаз жігіттің коллекциясындағы пластинкалар қазірдің өзінде 20-дан асты. Бұл күйтабақтардың көбісін ол ұлттық оператор арқылы тапсырыс беріп алдыртқан екен. 

"Мұндай күйтабақтар өте нәзік, қатты үрлеп қалсаң да бүлінеді. Бірақ тығыз оралып, қорапқа мұқият салынғанын көргенде оған су тимейтінін, еш зақымданбағанын түсінесің. Үйге келген соң осы қорапты ашып, винилдің бүтін екеніне көз жеткізгенде арқамнан жүк түскендей жеңілдеп қаламын. Осындай жауапты істі мүлтіксіз атқаратын Қазпоштаға үлкен сенім қалыптасты", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Данияр Ақназаров. 

Данияр поштаны үйдің қасындағы сәлемдеме супермаркетінен алады. Тапсырысының қай жерде келе жатқанын post.kz арнайы қосымшасы арқылы бақылайды. Бүгінде «Қазпошта» клиенттері сәлемдемені үйге жеткізуге тапсырыс бере алады. «GoPost Home» қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары тұрғындарының қолын ұзартты. Ал 6-мамырдан бастап, барлық өңір тұрғындары осы қызметті пайдалана алады. Бұл үшін Қазпоштаның Telegram-ботын қолданса жеткілікті. Пандемия кезінде енгізілген осы жаңа қызметтің арқасында клиенттерге енді пошта бөлімшелеріне бару қажеттілігі азайды. 

"Қазіргі пандемия жағдайында тұтынушылардың дағдысы өзгергенін байқап отырмыз. Е-commerce-тің үлесі артып, online-сервистер белсенді дами бастады. Қазпошта бұл тенденцияларға сәйкес электрондық сауда алаңдарымен байланыс орнатты, сонымен бірге өзіміздің төлем карталарымызды шығарамыз. Оның ішінде виртуалды карталар да біздің тұрғындарға ұсынылады. Осылайша біздің клиенттерімізге ыңғайлы жағдай жасау үшін өзіміздің экожүйемізді құрып, қызметтердің толық спектрін ұсынып отырмыз", - дейді «Қазпошта» АҚ Тәуекелдер мен комплаенс жөніндегі басқарушы директоры Нұрқанат Нұрақынов. 

Компания былтыр өз тұтынушыларына 15 миллионға жуық халықаралық және отандық пошта жөнелтілімдерін жеткізіпті. Жоғалған сәлемдемелердің саны 400-ден аспайды. Бұл – теңізге тамған тамшыдай. Жалпы Қазпоштаның арқасында еліміздің электронды сауда нарығында 3 мыңнан астам халықаралық интернет-дүкендерді біріктірген кэшбэк-сервис іске қосылды. Мысалы, post.kz сайты арқылы онлайн-шоппинг жасасаңыз жұмсаған ақшаңыздың 20%-ын кэшбэк-сервисі арқылы қайтарып ала аласыз. Ал 2% кэшбэкті Қазпоштаның өзі қосады. Бұл үшін виртуалды картаны онлайн ашсаңыз жеткілікті. Жиналған кэшбэкті басқа тауар алуға жұмсауға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болады.

Серіктес жаңалықтары