11.12.2019, 10:13
Жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 61 млрд теңгеге жылыжай салынбақ
Нысанның қуаттылығы жылына 40 мың тонна
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда қуаттылығы 60 МВт-ты құрайтын өз электр станциясы бар тағы бір жылыжай пайда болады. Жоба құны 61 млрд тенгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлағанындай, жаңа нысан индустириалды аймақта салынады.
«Жобаның жаплы құны 61 млрд теңге. 500 жұмыс орнын ашу жоспарланған», - делінген мемлекеттік орган таратқан ақпаратта.
Жылыжайда қызанақ өсіріледі. Нысанның қуаттылығы жылына 40 мың тонна. Дайын өнім Қазақстанның ішкі нарығы мен Ресейге шығарылады. Жоба 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді