$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2019, 10:27
Жаңалықтар

Қазақстанда тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылады

Бұған дейін 5 жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылған 

Қазақстанда тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылады
Фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімі жарияланды

Серіктес жаңалықтары