ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Нұр-Сұлтанда 120-дан астам жас «Елбасы медалімен» марапатталды

Бағдарламаға 14-29 жастағы қазақстандықтар қатыса алады

Елордада «Елбасы медалі» белгісінің иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдері, «Елбасы Академиясы» КҚ, Білім басқармасының өкілдері, «Елбасы медалі» бағдарламасының қола медаль иегерлері қатысты.

«Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры 2020 жылдың шілде айында балалар мен жастарға арналған «Елбасы медалі» жаңа жобасын іске қосты.

«Елбасы медалі» белгісінің ерекшелігі үш деңгейден тұрады – қола, күміс және алтын.

Жобаның мақсаты – қиындықтарды еңсеруге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Бағдарламаға 14-29 жастағы қазақстандықтар қатыса алады.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында елордалық алғашқы 14 оқушы қола медаль иегері атанды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Елбасы медалі» бағдарламасының 28 жеңімпазы қола медальмен марапатталды.

Бүгін елордада 122 адам марапатталды.

Айта кетейік, марапаттау рәсімі санитарлық талаптарды толықтай сақтай отырып өтті.