ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ауа райы: Қазақстанның 7 облысында дауылды ескерту жарияланды

Күндіз кей аймақтарда шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 5 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей аймақтарда шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан екіпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жекелеген аумақта шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с артуы мүмкін.

Ақмола облысының батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жекелеген аумақта шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.