Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды

Біржақты визасыз режим 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша тоқтатылады  

Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

«Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің 54 елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің қолданылуының уақытша тоқталу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін біржақты визасыз режим Австралия, АҚШ, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Ватикан, Вьетнам, Германия, Грекия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Индонезия, Италия, Канада, Катар, Кипр, Колумбия, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Венгрия, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, Словения, Тайланд, Ұлыбритания, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция және Эстония сияқты 57 елдің азаматтары үшін енгізілген болатын. 

Осы елдерден Қазақстанға 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін келгісі келетін азаматтар тиісті санаттар бойынша виза алуы тиіс болған.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.