03.05.2021, 17:53
Жаңалықтар
«Бірде-бір мүмкіндік жоқ». Головкинді нокаутқа түсіруге бола ма?
Кіші Крис Юбэнк IBF және IBO чемпионын нокаутқа түсіретінін айтқан болатын
Talking Town ITFC подкастының авторы, ұлыбританиялық журналист Мэтт Филлипс отандасы кіші Крис Юбэнктің (30-2, 22 КО) таяудағы мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады Prosports.kz.
Бұған дейін Юбэнк орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) нокаутқа түсіретінін айтқан еді.
Филлипстің пікірінше, Юбэнк бұл айтқанын орындай алмайды.
«Оған бірде-бір мүмкіндік жоқ», — деді сарапшы Твиттердегі жазбасында.
Айта кетейік, Юбэнк пен Головкин 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, бірақ сол кезде екі тарап келісе алмай қалған болатын.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
