Мамыр айында сотталған әйелдер вакцинаның II компонентін алады
Атыраудағы әйелдер түрмесіндегі сотталғандар мен қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 (Әйелдер түзету колониясы) мекемесінің қызметкерлері мен жазасын өтеуші әйелдердің барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алды.
УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Марта Утепованың айтуынша, жазасын өтеуші әйелдерге үлгі көрсету үшін, вакцинаны алдымен мекеме қызметкерлері алып, кейін вакцинаның әсері мен қажеттілігі туралы сотталған әйелдерге айтқан.
Енді мамыр айында сотталған әйелдер вакцинаның II компонентін алады.