ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мыңбаев дүниеден озды

Ашық дереккөздерде марқұмның ҚТЖ экс-төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы екені айтылған

фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды. Саят Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хабарламасы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және «ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ ҰҚО ардагері отставкадағы генерал-майор Саят Мұхаметбайұлы Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген көңіл айту хатының мәтінінде.

Ашық дереккөздерде марқұм Саят Мыңбаевтың бұған дейін ҰҚК-нің әскери барлау департаментінің бастығы болғаны хабарланады. Марқұм - «Қазақстан темір жолы» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.