$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2021, 16:30
Жаңалықтар

Маңғыстаулық кеденшілер Түркиядан келген ірі көлемдегі контрабандалық жүкті анықтады

Түрік өндірушілері тауарды Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген

Маңғыстаулық кеденшілер Түркиядан келген ірі көлемдегі контрабандалық жүкті анықтады
көрнекі фото: «Құрық» порты

«Құрық» кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау көлік прокуратурасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы ірі көлемде контрабандалық тауар алып өту фактісін анықтады.

Контрабандалық жүк тиелген екі ауыр жүк көлігі Түркиядан «Құрық» теңіз портына келді. Тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес, түрік өндірушілері тауарды Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген.

Дұрыс декларацияланбаған тауарлар мен декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны  - 187,2 млн теңгені құраса, бюджетке төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтар – 80,7 млн теңге.

Кемітіп көрсеткен тауарларды қосқанда жалпы жарияланған тауар салмағы – 34,5 тонна, жарияланғанбаған тауар салмағы 5,9 тоннадан асады.

Контрабандалық жолмен жеткізілмек болған тауардың саны жүзден астам жүк орнын құраған. Осы жағдайға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Серіктес жаңалықтары